Бас прокурор Берік Асылов ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен кездесіп, Қазақстандағы құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар заң үстемдігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес және адам құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. Асылов Қазақстанның сот-құқықтық жүйесін жаңғырту жолындағы нақты қадамдарын атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың құқығын қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту. Осы бағытта ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық біз үшін маңызды», — деді Берік Асылов.
Феридун Синирлиоғлу Қазақстанның құқықтық реформаларын жоғары бағалап, ЕҚЫҰ тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тараптар бірлескен жобаларды жалғастыру туралы уағдаласты.

