Шартарап

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінде жаңа гастрономиялық рекорд орнатылып, оны Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алып қазыбургердің биіктігі 39 сантиметр, ал диаметрі 89 сантиметрді құрады. Оны дайындау үшін тауық еті, сиыр еті, қазы, қызанақ, көкөніс және тұздық пайдаланылған.

Рекорд ресми түрде тіркелгеннен кейін қазыбургер бірнеше бөлікке бөлініп, қайырымдылық мақсатында таратылатын болады.

Көп оқылғандар