Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Балқаш көлінің жағалауында 19-20 маусым күндері дәстүрлі «Balkhash Tour Fest» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль аясында қонақтарға арналған түрлі мәдени және спорттық шаралар жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы да қатысушылар үшін қызықты бағдарлама дайындалған.
«Біз туристерді ғана емес, жергілікті тұрғындарды да тартуға тырысамыз. Әркім өзіне ұнайтын іс таба алады», – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Фестивальге келушілер үшін кемпинг алаңдары, музыкалық концерттер және ұлттық ойындар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, экологиялық акциялар да өткізіледі.
Биылғы фестивальдің ерекшелігі – су спорты түрлерінен жарыстар мен шеберлік сабақтары. Қатысушылар кайтсерфинг, виндсерфинг және басқа да бағыттарда өз күштерін сынай алады.

