Әлем

Балаларды қорғау: 7 мың заңсыз сайт бұғатталды

Сурет: Aikyn.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша 59 пункттен тұратын іс-шаралар жоспарын іске асырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде Қазақстанда балаларға арналған зиянды контенті бар 7 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды. Бұл шаралар балалардың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұғатталған сайттардың көбі зорлық-зомбылық, порнография және суицидті насихаттайтын контенттен тұрған.

«Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Ата-аналар да балаларының желідегі әрекетін қадағалауы керек», – деді министрлік өкілі.

Сонымен қатар, жоспар аясында балалар мен ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша семинарлар өткізілді.

Көп оқылғандар