Шартарап

«BaiQymyz» фестивалінің алғашқы күні 40 мыңнан астам қонақ жинады

Сурет: Елорда әкімдігі

Астанада қазақтың ұлттық сусыны қымызға арналған алғашқы ірі гастрофестиваль «BaiQymyz» өтті. Іс-шараның алғашқы күнінде 40 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

19-20 шілдеде «Қазанат» ипподромында өткен фестивальде 56 тонна қымыз ұсынылып, рекорд жаңартылды. Қонақтар еліміздің әр өңірінен әкелінген қымыздың барлық түрінен дәм татты.

Біз еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден астам қымыз өндірушіні жинадық. Әрқайсысы кемінде 500 литрден қымыз алып келді. Олардың белсенділігі мен елордалықтардың қолдауының арқасында жаңа рекорд орнаттық. Егер фестиваль жұртқа ұнаса – біз оны жыл сайын өткізетін боламыз, – деді «BaiQymyz» фестивалінің ұйымдастырушысы Жұмажан Қалтаев.

Фестиваль тек гастрономиялық шара ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайтын алаңға айналды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, фольклорлық музыка тыңдап, қолөнер жәрмеңкелерін аралап, көрмелер мен концерттерге қатысты.

Көп оқылғандар