Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінің алғашқы күнінде экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалап, қоқыс жинап, іс-шара өткен орынды ретке келтірді. Бұл акция мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде өтіп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетті.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көпшілік іс-шаралардан кейін тазалықты сақтауға және экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мазмұнға өту
