2026 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда есепті апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.
Апта ішінде картоптың бағасы — 2,8%, қызанақ — 2,4%, алма — 1,9%, қияр — 1,2%, сәбіз, қаймақ және қара шай – 0,2%, сондай-ақ тауық еті, қатты және жартылай қатты ірімшік, майлылығы 2-3% айран — 0,1% арзандады.
Есепті аптада ұн, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалды.
Мазмұнға өту
