Сурет: ҚБФ
Бокстан Азия ойындарының жеребесі тартылып, Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Сакши Чаудхари (Үндістан) мен Аира Виллигас (Филиппин, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Назым Қызайбай Қытай өкілі Ксуа Жаомен жұдырықтасады. Виктория Графеева Тайпей боксшысы Линь Юй-Тинмен (Париж Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы) айқасады. Аида Әбікеева ширек финалда Шу Ли (Қытай, Азия чемпионатының қола жүлдегері) – Кусум Таманг (Непал) жұбының жеңімпазымен жолығады. Наталья Богданова өзбекстандық Азиза Зокировамен (2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) күш сынасады.
Ерлер арасында Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) – Мехди Каземи (Иран) жұбының жеңімпазын күтеді. Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда Жун-ю Лин (Тайпей) – Донгхван Жанг (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен айқасады. Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Дук Нгок Нгуен (Вьетнам) – Мохаммед Дбичи (Қатар) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады. Сабыржан Аққалықов алғашқы айналымда Минсеонг Киммен (Оңтүстік Корея) кездеседі. Нұрбек Оралбай Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен жұдырықтасады. Айбек Оралбай ширек финалда Мирзакир Кошалиев (Қырғызстан) – Довлет Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазын күтеді.
Айта кетейік, Азия ойындарына 33 елден 190 боксшы тіркелді. Әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесі: 51, 54, 60, 65, 75 келі. Барлығы 74 қатысушы. Ерлер арасында 6 салмақ дәрежесі: 55, 60, 70, 80, 90, +90 келі. 115 қатысушы. Ең көп қатысушы ерлер арасында 60 келіде – 28 боксшы. Бокс бәсекесі 21 қыркүйек – 2 қазан аралығында өтеді.
