Спорт

Азия ойындары: 5 боксшы жартылай финалда

Сурет: ҰОК

Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстанның бес боксшысы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

51 келіде Алуа Балқыбекова вьетнамдық Ти Та Нгуенмен, 75 келіде Наталья Богданова үндістандық Ловлина Боргохайнмен жұдырықтасады.

55 келіде Махмұд Сабырхан филиппиндік Карло Пааламмен, 70 келіде Төрехан Сабырхан өзбекстандық Шавкатжон Болтоевпен кездеседі. +90 келіде Айбек Оралбай үндістандық Нарендермен күш сынасады.

Аталған жекпе-жектердің төртеуі 30 қыркүйекте, ал Айбек Оралбайдың кездесуі 29 қыркүйекте өтеді.

Алты боксшы – Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Оразбек Асылқұлов және Сабыржан Аққалықов жарыстан шығып қалды. Сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевқа есе жіберді.

Көп оқылғандар