Categories Спорт

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Таиландтың Паттайя қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Алғаш болып кілемге грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары шығып, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақдәулет Тұрсынбек финалда Өзбекстан өкілі Оғабек Асқаралиевке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. 87 келіге дейінгі салмақта Әлихан Тағаев шешуші белдесуде Қырғызстан балуаны Мұсылман Мамыровтан жеңіліп, күміс медаль иеленді.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әмірмұхаммед Қабылов қола жүлде үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Құрманбек Әлімжановты жеңіп, чемпионатта үшінші орынды иеленді.

Ұқсас жазбалар

Англия құрамасы Конгоны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Англия құрамасы Конго командасын 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Харри Кейн…

Әлем чемпионаты: 1/16 финалда Англия, Бельгия және АҚШ ойнайды

Бүгін әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия, Бельгия және АҚШ құрамалары өз қарсыластарымен кездеседі.

Волейболдан жастар лигасы жаңа форматта басталды

Астанада волейболдан 2026-2027 жылғы жастар лигасының алғашқы туры аяқталды. Жаңа форматта өткен маусымда жас спортшылар…