Сурет: Egemen Qazaqstan
Жапонияның Киото қаласында байдарка мен каноэде есуден өтіп жатқан VI Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін триумфпен басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марафондық қашықтықтың алғашқы күнінде отандастарымыз екі алтын медаль иеленді.
3400 метр қашықтықта Кирилл Тубаев ерлер арасында байдаркада есуден Азия чемпионы атанды. Оның уақыт көрсеткіші — 14:54.166 секунд. Кирилл Оңтүстік Корея мен Вьетнам спортшыларын артта қалдырды.
Полат Төребеков каноэде есуден жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Полат 17:13.493 секунд нәтижесімен мәреге бірінші жетіп, екі жапондық ескекшіні басып озды.
7 тамызда жерлестеріміз 10 000 метрлік ұзақ марафондық қашықтықта бақ сынайды.
Мазмұнға өту
