Сурет: Владислав Семенов
НАГОЯ. Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы тасжол велоспортында ол 36 минут 23,72 секунд уақыт көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.
Бұл — Қазақстан құрамасының осы Азиададағы тұңғыш алтын жүлдесі. Үздік үштікті қытайлық Чжан Хао мен оңтүстік кореялық Шин Джиеун толықтырды. Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Алексей Луценко жарыс жолына шығады.
ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Ойындардың ұраны — Imagine One Asia («Біртұтас Азияны елестет»).
Бұған дейін Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанғаны мәлім болды. Сондай-ақ Қазақстан спортшыларының 20 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланған еді.
