Сурет: Арлан Олжабай
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында үстел теннисінен ерлер арасындағы командалық жарыстың топтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, қазақстандық спортшылар G тобындағы соңғы ойында Лаос құрамасын 3:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Бангладешті 3:0, ал Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңдегі үш ойынның бәрінде жеңіске жетіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбанов өнер көрсетті.
Бүгін каратэші Әсел Қанай Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
