Спорт

Азиада-2026: Қазақстан құрамасының 21 қыркүйектегі жарыс кестесі

Сурет: ҚР ҰОК

21 қыркүйекте Қазақстан спортшылары Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынауды жалғастырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күні триатлон, нысана көздеу, жүзу, каратэ және спорттық гимнастика сынды спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Olympic.kz порталы Астана уақытымен Қазақстан спортшыларының жарыс кестесін жариялады.

Айта кетейік, спортшылар құрамы мен жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін.

Кестеде мынадай жарыстар мен қатысушылар көрсетілген:

  • Көгалдағы хоккей, әйелдер, топтық кезең: Қазақстан – Оңтүстік Корея
  • Триатлон, аралас эстафета, финал: Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Аида Ким, Егор Крупяков
  • Нысана көздеу, 10 м пневматикалық мылтық, ерлер, командалық іріктеу және финал: Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский
  • Нысана көздеу, 10 м пневматикалық мылтық, ерлер, финал (финалға шыққан жағдайда): Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский
  • Стенд ату, скит, ерлер, іріктеу: Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов
  • Стенд ату, скит, әйелдер, іріктеу: Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева
  • Жүзу, ерлер, 50 м шалқалай, іріктеу: Александр Румынский, Глеб Коваленя
  • Жүзу, әйелдер, 50 м шалқалай, іріктеу: Ксения Игнатова, София Абубакирова
  • Жүзу, ерлер, 50 м еркін стиль, іріктеу: Глеб Коваленя, Әділбек Мусин
  • Жүзу, ерлер, 100 м брасс, іріктеу
  • Жүзу, әйелдер, 200 м кешенді, іріктеу: Ксения Игнатова, София Абубакирова
  • Жүзу, ерлер, 4×200 м еркін стиль эстафетасы, іріктеу: Глеб Коваленя, Максим Сказобцов, Фёдор Диденко, Әділбек Мусин
  • Үстел теннисі, әйелдер
  • Дәстүрлі аралас жекпе-жек, ерлер, 65 кг дейін
  • Аралас жекпе-жек Modern, ерлер, 71 кг дейін
  • Дәстүрлі аралас жекпе-жек, ерлер, 77 кг дейін, жартылай финал
  • Каратэ, ерлер, 67 кг дейін, 1/8 финал
  • Каратэ, әйелдер, 61 кг дейін, 1/8 финал
  • Волейбол, әйелдер, 5-8 орындар үшін матч
  • 3×3 баскетбол, ерлер, топтық кезең
  • 3×3 баскетбол, ерлер, топтық кезең
  • Спорттық гимнастика, ерлер, жекелеген снарядтар бойынша іріктеу және көпсайыс финалы: Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Нуртан Идрисов, Милад Карими, Нариман Курбанов
  • Бадминтон, ерлер, командалық турнир, 1/8 финал
  • Су добы, әйелдер, айналмалы жүйедегі екінші матч
  • Ушу-саньда, әйелдер, 60 кг дейін, 1/8 финал
  • Ушу-саньда, ерлер, 60 кг дейін, 1/8 финал
  • Ушу-саньда, ерлер, 65 кг дейін, 1/8 финал
  • Үстел теннисі, ерлер, топтық кезең

Бұған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күні жалпы есепте төртінші орында екені хабарланған болатын.

Көп оқылғандар