Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Аичи префектурасында баскетболдан (5×5) Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы кезекті матчын Гонконг командасымен өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Топтағы шешуші ойында отандастарымыз төртінші кезеңде басымдық танытып, есепті 68:68 етіп теңестірді. Қосымша бес минут овертаймда ұлттық құрама 80:77 есебімен алға шығып, жеңісті сақтап қалды.
Команда сапындағы ең көп ұпайды қорғаушы Анастасия Алишаускайте жинады (22 ұпай).
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан В тобында 3-орынға тұрақтады. Әйелдер командасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі С тобындағы шешуші тур ойындарының нәтижесіне байланысты. Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 558 спортшы 35 спорт түрінен жүлдеге таласуда.
Кеше үстел теннисінен құрама команда плей-офф кезеңіне шықты.
