Сурет: Aikyn.kz
Olympic.kz 3 қазанда өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл күні отандастарымыз күрес, дзюдо, джиу-джитсу, таеквондо, көркем гимнастика, брейкинг және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге таласады. Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының финалында бақ сынайды.
Кестеде Астана уақыты көрсетілген. Мәліметтер өзгеруі мүмкін.
Регби-7, ерлер: 9–12-орындар үшін Қазақстан – Сингапур, келесі матч Қазақстан – Таиланд 11:15-те.
Таеквондо WT: ерлер 68 кг және 80 кг-нан жоғары, әйелдер 57 кг және 67 кг-нан жоғары салмақтарында 05:12-ден бастап.
Ат спорты: жекелей кедергілерден өту финалында Ксения Баталова, Раиса Соколенко, Олег Соколенко, Нұрила Тұрысбекова өнер көрсетеді.
Джиу-джитсу: ерлер 85 кг-ға дейін Мерей Қабдуллаев, Али Иманвердиев, әйелдер 63 кг-ға дейін Ажар Салықова, Мариан Журавлева 05:45-тен бастап.
Регби-7, әйелдер: 5–8-орындар үшін Қазақстан – Малайзия.
Желкенді спорт: Dinghy жасөспірімдер және қыздар финалы.
Еркін күрес: ерлер 57 кг, 74 кг, 97 кг, әйелдер 53 кг, 57 кг салмақтарында 06:30-дан бастап.
Дзюдо: командалық жарыс.
Көркем гимнастика: жекелей көпсайыс финалында Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева; топтық көпсайыс финалында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская.
Волейбол, ерлер: 11–12-орындар үшін Қазақстан – Индонезия.
Су добы, ерлер: финалда Қазақстан – Жапония.
