Сурет: ҰОК
Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 237 (104+133) келі көтеріп, алтын медальға ие болды. Екінші орынды өзбекстандық Дильнура Холдорова 224 (101+123) келі нәтижемен иеленді, ал үшінші орынды тағы бір өзбекстандық Дильноза Файзуллаева 223 (100+123) келімен түйіндеді.
Бұған дейін Снежана Кашкарова (57 келіге дейін), Бейбарыс Ерсейіт (65 келіге дейін), Ақжол Құрманбек (85 келіге дейін) жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алған болатын. Жас жеткіншектер арасында Ксения Прозорова (61 келіге дейін) топ жарды. Сондай-ақ, Төрехан Асанхан күміс жүлдеге ие болды, ал Ерсейіт Бейбарыс рекорд жасап, чемпион атанды.
Мазмұнға өту
