Сурет: Egemen Qazaqstan
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан қоржыны алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
65 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Ерсейіт Бейбарыс U17 санатында жұлқа көтеру және қоссайыс қорытындысы бойынша рекорд жаңартты. Оның нәтижесі – 281 келі (129+152).
Бұл көрсеткішпен ол U20 санатының жалпы есебінде қола жүлдеге ие болды. Жарыс 14 тамызға дейін жалғасады.
Мазмұнға өту
