Спорт

Ауыр атлетика: Төрехан Асанхан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Сурет: AWF

Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орынға ие болды. Ол қоссайыста 269 (119+150) келі көтерді.

Таиландтық Витчая Пратхумта қоссайыста 273 (119+154) келі көтеріп, Азия чемпионы атанды. Ирандық Реза Замани 268 (122+146) келімен қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Снежана Кашкарова қоссайыста 200 (88+112) келі көтеріп, алтын алғаны хабарланған. Сол салмақта Нұрсила Берікбол 176 (77+107) келімен үшінші орынға тұрақтады. Ал Ерсейіт Бейбарыс 65 келіге дейінгі салмақта рекорд жасап, чемпион атанды. Ксения Прозорова (61 келіге дейін) әлемдік рекорд орнатып, ең биік тұғырға көтерілді.

Көп оқылғандар