Спорт

Ауыр атлетика: Нұржан Жұмабай Азия чемпионы атанды

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Жұмабай 95 келіге дейінгі салмақта үздік атанып, қоссайыста 354 келі (159+195) көтерді.

Әлихан Әскербай осы салмақта үшінші орынға ие болды, оның нәтижесі 361 келі (163+198).

77 келіден жоғары салмақта Софья Шешукова 232 келі (100+132) көтеріп, қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін Ақжол Құрманбек 358 келі (160+198) көтеріп, Азия чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз болып, 237 келі (104+133) көтерді.

12 тамызда Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды, оның қоссайыстағы нәтижесі 269 келі (119+150).

Көп оқылғандар