Сурет: Egemen Qazaqstan
Алжир мен Австрия құрамалары әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда 3:3 есебімен тең түсіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл нәтиже Иран құрамасының турнирдегі өнерін аяқтауына себеп болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Австрия сапында Марсель Забитцер, Саша Калайджич және Марко Арнаутович гол соқты. Ал Алжир құрамасында Рияд Марез дубль жасаса, тағы бір голды Рафик Бельгали енгізді.
Осылайша, Австрия 4 ұпай жинап, J тобында екінші орынға тұрақтады. Дәл осындай ұпайы бар Алжир доп айырмасы бойынша үшінші орын алды. Дегенмен, екі құрама да 1/16 финалға жолдама алды. Алжир үздік үшінші орын алған сегіз құраманың қатарына еніп, плей-оффқа шықты.
1/16 финалдың соңғы жолдамасына Иран құрамасы 3 ұпаймен үміткер еді. Егер Австрия мен Алжир арасындағы ойында басқа нәтиже тіркелсе, ирандықтар плей-офф кезеңіне шығар еді.

