Сурет: Egemen Qazaqstan
Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Испанияның Овьедо қаласында көркем гимнастикадан клубтық лиганың II фазасы (Liga Iberdrola) және мектеп оқушылары арасындағы Испания чемпионаты (CESA) өтті. Жарыстар Palacio de los Deportes аренасында ұйымдастырылып, оған 14 елден спортшылар қатысты.
Қазақстан намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева лента және шығыршық жаттығуларында қола жүлдеге ие болды. Спортшының жетістігіне жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева мен хореограф Саая Айдыс үлес қосты.

