Спорт

Астаналық 8 жасар гимнаст Қытайдағы турнирде үш жүлде алды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Астаналық жас гимнаст Медина Есенбек Қытайдың Гуандун провинциясындағы Хуэйчжоу қаласында өткен Zhong Ling Cup турнирінде үш жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жарысқа Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Филиппин, Малайзия және басқа елдердің спортшылары қатысты. Қазақстан атынан 9 гимнаст өнер көрсетті.

«Әлем Академиясының» тәрбиеленушісі, 8 жастағы Медина Есенбек шығыршықпен жаттығуда алтын, ал құралсыз жаттығу мен көпсайыста екі күміс медаль жеңіп алды. Ол қазақы ою-өрнекпен безендірілген костюм киіп, қазақ музыкасының сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Бұл турнир бүлдіршін үшін спорттық жетістік қана емес, Қазақстанды халықаралық деңгейде танытудың үлкен мүмкіндігі болды.

Жақында гимнаст қыздардың бірі Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен әлем чемпионатында жалпы есепте алтыншы орын алған еді. Бұған дейін ол Францияның Тье қаласындағы халықаралық Гран-при турнирінде қола жүлдені иеленген болатын.

Көп оқылғандар