Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне қатысушылар келе бастады. Елорда әуежайына Беларусь пен Қытайдың фиджитал-баскетбол құрамалары келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл екі команда турнирде фиджитал-баскетбол дисциплинасы бойынша жүлделер үшін сынға түседі. Қазіргі уақытқа дейін Астанаға жеті команда жетіп үлгерді.
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі әлемнің 50 елінен 800-ден астам спортшыны біріктіреді. Жарыс бағдарламасына цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын сегіз фиджитал дисциплинасы енгізілген. Қатысушылар алдымен виртуалды кеңістікте бақ сынап, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады.
Мазмұнға өту
