Сурет: ашық дереккөз
Астанада көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 25 адамды, соның ішінде 7 баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт Алматы ауданындағы Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бойындағы 6 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тұтанған. Жалын пәтер ішіндегі заттарды шарпыған.
112 қызметіне хабар түскен соң, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялап, өртті ауыздықтады.
ТЖМ өкілдері өрт белгілерін байқаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.
Бұған дейін Семей мен Астанадағы тұрғын үйлерден өрт шыққаны хабарланған.
Мазмұнға өту
