Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанадағы «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесінде 1 тамыздан бастап жолақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жүйе бойынша жолаушылар бір реттік жолақымен қатар, бірнеше күнге немесе айға арналған абонементтерді, сондай-ақ белгіленген сапар санына арналған пакеттерді сатып ала алады. Күндік абонементтер алғашқы валидациядан кейін іске қосылып, сол күннің соңына дейін жарамды. Сапар пакеттері сатып алынған барлық жол жүру саны толық пайдаланылғанға дейін күшінде қалады.
Абонементтерді станциялардағы кассалардан сатып алып, «Tarlan Astana» көлік картасына жүктеуге болады. Карта жоғалған жағдайда белсенді абонементтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды.
Қазіргі уақытта жаңа төлем жүйесі тек «Tarlan Astana» желісінде қолданылады. Мамандар оны елордадағы автобус жүйесімен біріктіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Мазмұнға өту
