Сурет: Ашық дереккөз
Астанадағы «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) іске қосылғаннан бері 500 миллион теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, жүйе іске қосылған сәттен маусым айының соңына дейін Астана LRT-сымен 3,2 миллион жолаушы тасымалданған. Осы кезеңдегі жалпы кіріс 500 миллион теңгеден асып түскен.
Маусым айында LRT қызметін 2,1 миллион адам пайдаланған. Ал Алматы метросы 2,4 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Жолаушылар айналымы Астанада – 46,5 миллион, Алматыда – 34,9 миллион болған. «Tarlan Astana» желісінің ұзындығы 22,4 шақырым, ал Алматы метросынікі 13,4 шақырым.
Сарапшылардың пікірінше, Астана LRT-сының жолаушылар айналымының жоғары болуы бағыттың ұзындығына байланысты. Еске сала кетейік, LRT жүйесі 16 мамырдан бастап іске қосылды.
Мазмұнға өту
