Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының нөсерлік кәріз жүйелерін (ливневка) күтіп ұстау, пайдалану және тазалау жұмыстарына 1,7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметке сәйкес, тапсырыс беруші – Астана қаласы әкімдігінің Коммуналдық шаруашылық басқармасы. Конкурстық лоттың атауы – нөсерлік кәріз жүйелері мен су бұру арналарына қызмет көрсету, оларды пайдалану және тазалау жұмыстары. Жобаға бөлінетін жоспарлы сома 1 млрд 724 млн 137 мың 931 теңге 4 тиынды құрайды.
Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінімдер 16–23 маусым аралығында қабылданады. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу ережелері өзгергенін еске саламыз.

