Categories Көңіл ашар

Астанадағы балалар кітапханасында экологиялық сағат өтті

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы №7 балалар кітапханасында мектепке дейінгі балаларға арналған «Экология – табиғат жүрегі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға жеке балабақша тәрбиеленушілері қатысты. Олар кітапхана қызметкерлерімен бірге экология тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізді. Балалар тақырыптық кітаптармен танысып, сурет салып, түрлі ойындар ойнады.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, ақпараттық сағат барысында бүлдіршіндер табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы мәлімет алды.

«Біздің мақсатымыз – балалардың бойында ерте жастан бастап табиғатқа жанашырлық пен экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру», деді кітапхана қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.

Оның сөзінше, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген құрметін арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізбек.

Ұқсас жазбалар

Astana Half Marathon 2026: бесінші мерейтойлық жарыста шетелдіктер рекорды жаңарды

Астанада бесінші рет өткен Astana Half Marathon жарысы 7 000 қатысушыны жинап, шетелдік спортшылар саны…

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Елордада дәстүрлі Astana Half Marathon жарысы өтті. Жарыс аясында Funduk Team инклюзивті командасының 10 экипажы…

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында сынға түседі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен «Ролан Гаррос» финалында чехиялық-америкалық жұпқа қарсы ойнайды.