Сурет: Ашық дереккөз
Астанада Ұлы Дала көшесінде, ЭКСПО аумағына жақын жерде жүк тасымалдайтын «Газель» көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдің маңына бірнеше адам жиналып, оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел қызметтердің келуін күткен. Қазір зардап шеккен әйелдің жағдайы мен апаттың мән-жайы нақтыланып жатыр. Құқық қорғау органдарының ресми түсініктемесі әзірге жарияланған жоқ.

