Әлем

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды: цифрлық жарыста кім озады?

Сурет: aqorda_resmi

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өз жұмысын бастады. Биылғы халықаралық алаңда басты тақырып – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста» деп белгіленген.

Форум аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің цифрлық трансформациясы, инновациялық технологияларды енгізу және бірлескен цифрлық жобалар талқыланады.

Іс-шараға мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Форумның негізгі мақсаты – ЕАЭО елдерінің цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту және жаһандық цифрлық жарыста бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Көп оқылғандар