Categories Көңіл ашар

Астанада түнгі клубтарда азот тотығын сату фактісі бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды

Сурет: pixabay

Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Әлия Қибатқызының айтуынша, «ойын-сауыққа арналған газ» сату фактісі бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға соңғы уақытта түнгі клубтарда азот тотығы шарға үрленіп сатылатыны туралы ақпарат түскен. Арнайы рейдтер барысында бұл деректер расталды.

Түнгі клубтарда тұрақты түрде рейдтер жүргіземіз. Жыл басынан бері азот тотығын сату бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды. Аталған газ толтырылған жүзден астам баллон тәркіленді, — деді ол.

Бұл газ медицинада наркоз және анестезия үшін қолданылады. Алайда ойын-сауық орталықтарында жастар оны шардан демалып, ішке жұту арқылы психотроптық зат ретінде пайдаланады. Себебі ол лезде көңіл-күйді көтеріп, рахат сыйлап, мастандырады.

Осы бір сәттік алдамшы ләззаттың ауыр салдары жөнінде жастар ойланбайды. Азоттың тотығы денсаулыққа — жүйке, психика және жүрек-қан тамыр жүйесіне өте зиян, — дейді Әлия Қибатқызы.

Бұған дейін Шымкент қаласында «ойын-сауыққа арналған газ» сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленгені хабарланған.

Ұқсас жазбалар

Бибісара Асаубаева жалақының қысқаруы мен орденнің табысталмауына байланысты Президентке үндеу жолдады

Халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының үш есеге қысқаруы мен орденнің табысталмауына байланысты Президентке үндеу жолдады.

ФИФА 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді

ФИФА 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатын үш елде өткізеді. Алғашқы рәсім Мехикода, екіншісі Торонтода,…

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның Президентке жолдаған үндеуіне жауап берді.