Шартарап

Астанада шатырға шыққан «Бэтменнің» жеке басы анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің шатырында Бэтменнің костюмін киген адам байқалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері оқиғадан кейін оның жеке басын анықтады. Елордалық полицияның мәліметінше, жас жігітпен профилактикалық және түсіндіру әңгімесі жүргізілген. Оған мұндай әрекеттердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екені ескертілді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды өз өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Көп оқылғандар