Астана полициясы әлеуметтік желілерде тараған шампан шашу трендіне қатысты ескерту жасады. Бұл тренд әлемде бірнеше жыл бұрын пайда болғанымен, Қазақстанда енді кең таралып келеді.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттердің қоғамдық тәртіпті бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Шампан шашу көшеде немесе қоғамдық орындарда жасалса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал.
Тәртіп сақшылары трендке еліктегісі келетіндерге сақ болуды және заңды бұзбауды сұрайды. Әсіресе жасөспірімдер арасында таралып жатқан бұл үрдіс қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

