Categories Көңіл ашар

Астанада PGL Astana 2026: 16 үздік команда киберспорт алаңында бақ сынайды

Елордада киберспорт жанкүйерлерін үлкен дода күтіп тұр. Астанада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл — әлемдік деңгейдегі жарыс. Оған әр құрлықтан 16 үздік команда қатысады. Олар өзара жүлде қоры үшін күш сынаспақ.

Турнирдің ұйымдастырушылары бұл оқиға Қазақстанды киберспорт картасында жаңа деңгейге көтеретінін айтады. Қатысушылар арасында әлемдік рейтингте алдыңғы орында тұрған топтар да бар.

«Біз Астанада әлемдік киберспорттың ең үздік өкілдерін жинадық. Бұл — тек жарыс емес, бүкіл қауымдастық үшін үлкен мереке», — дейді ұйымдастыру комитетінің өкілі.

Турнирдің нақты күні мен жүлде қоры әлі жарияланған жоқ. Алайда ұйымдастырушылар бұл жолы әсерлі сома болатынын меңзеп отыр.

Ұқсас жазбалар

Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті

Астанада Disney&Pixar студияларының «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті. Шараны халықаралық…

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ноутбук сыйлады

Димаш Құдайберген Астанадағы №83 мектеп-лицейінің «Алтын белгі» иегері Максим Цойға ноутбук сыйлады.

«Қала хикаялары» әдеби байқауы жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қоры мол «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқау жариялады.