Астанадағы «Barys Arena» кешенінде өтіп жатқан Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші ойын күні аяқталды. Жарыстың финалистері анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Турнирге әлемнің үздік командалары қатысып, күрделі кезеңдерден өтті. Енді жанкүйерлер финалдық матчты тағатсыз күтуде.
Қазақстандық киберспортшылар да өз өнерлерін көрсетіп, жоғары деңгейде ойнауда. Финалдық кездесулер ертең өтеді.

