Categories Ақорда

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Сурет: Конституциялық Сот

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық Сот ғимараттарының жанында орналасқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аллеяның ашылуы символдық мәнге ие. Конституция – мемлекеттің Ата заны ғана емес, қоғамдағы ортақ құндылықтардың, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің негізі саналады.

«Аллеяның дәл осы күні ашылуы жасампаздыққа, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаны жасауға әрі дамытуға деген ұмтылысты және еліміздің одан әрі көркеюіне ортақ жауапкершілікті білдіреді», делінген Конституциялық Соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 1 шілдеде елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай үндеу жасады. Президент бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға екенін атап өтіп, тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталғанын айтты.

Ұқсас жазбалар

Премьер-министр шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк, Chevron және Shell өкілдерімен кездесіп, бірлескен жобалар мен әріптестікті талқылады.

Қазақстан мен Ислам Даму Банкі стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президенті доктор Мұхаммед әл-Джассермен…

Адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды

Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне еніп, адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде бекітілді.