Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов көшесіндегі «Sana Sport» спорт кешенінің жанындағы скейт-паркте «Astana Day Mass Sports: Gorilla Power Your Instinct Tour 2026 – Urban Fest» атты көше спорт түрлерінен жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала күніне және «Заң мен тәртіп» қағидатына орай ұйымдастырылған фестиваль аясында елорда алғаш рет Gorilla Instinct Tour турнирінің кезеңін қабылдады. Бұл турнир Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік райдерлерді жинады.
Іс-шара ұйымдастырушысы Полина Панинаның айтуынша, жарысқа 100-ден астам қатысушы тіркелген. Олар скейтбординг, ролик спорты, BMX және самокат спорты бойынша сайысқа түсіп, Gorilla Style Wars Jams көрсетілімдері мен кәсіби спортшылардың шеберлік сабақтарына қатысты. Жүлдегерлерге ақшалай және естелік сыйлықтар берілді.
Қатысушы Герман Корпенко 19 жыл бұрын сыныптасының велосипедпен кедергілерден секіргеніне таңданып, осы спортқа келгенін айтты. Қазір ол жастарға шеберлік дәрісін өткізетін дәрежеге жеткен.
Gorilla Instinct Tour іс-шарасы Астанадан кейін Қарағанды (6 шілде), Ақтөбе (11 шілде), Атырау (18 шілде) және Ақтау (25 шілде) қалаларында жалғасады.

