Бүгін Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаумен күресуге кірісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт салдарынан үйдің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
«Өрт сөндіру жұмыстарына 50-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді ТЖМ өкілі.
Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, қысқа мерзімде ауыздықтады. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.

