Сурет: Астана әкімдігі
Елордада Кенесары көшесінің Шоқан Уәлиханов көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабаты төселеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жөндеу жұмыстары бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарына айналма жолдарды пайдалану ұсынылады. Нақты мерзімі туралы қосымша ақпарат жарияланады.

