Әлем

Астанада ғарыш мониторингі арқылы 122 заңсыз қоқыс орны анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада жыл басынан бері ғарыштан түсірілген суреттердің көмегімен 122 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елордадағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Медет Жалпыбаевтың айтуынша, қалдықтардың заңсыз төгілген орындары «Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған.

Анықталған 122 учаскенің 68-і толық тазартылып, жойылған. Қалған 54 аумақта жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Қоқысты шығару жұмыстарына 30 арнайы техника жұмылдырылып, 105 мың тоннадан астам қалдық шығарылған. Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарындағы барлық анықталған заңсыз қоқыс орындары толық жойылса, қазіргі уақытта жұмыстар Нұра ауданында жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жыл басынан бері абаттандыру және санитарлық тазалық қағидаларын бұзғаны үшін 30,2 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 585 адам қоғамдық орындарды ластағаны, 29 641 адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны, ал 33 адам көлік құралдары арқылы қоқыс төккені үшін жауапқа тартылды. Жалпы салынған әкімшілік айыппұл көлемі 73,3 миллион теңгеден асты.

Көп оқылғандар