Сурет: Ашық дереккөз
8 шілдеде Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) мультиспорттық турнирінің Аккредиттеу орталығы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Болашақ ойындары» (GOTF) – фиджитал-спорт саласындағы халықаралық іс-шара. Ол кәсіби ойыншыларды, клубтар мен жанкүйерлерді бір алаңда біріктіреді. Турнир цифрлық тактика мен физикалық төзімділік тең түсетін жарыстардың жаңа форматын ұсынады. Астана осы инновациялық спорт түрлерінің орталығына айналады.
Ашылу рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің өкілдері және «Қазспортинвест» АҚ басшылығы қатысады.
«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінің негізгі ұйымдастырушысы – «Қазспортинвест» АҚ. Ол Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жұмыс істейді. Турнирдің құқық иеленушісі – Phygital International. Іс-шараның нақты уақыты кейін хабарланады.

