Шартарап

Астанада «Болашақ ойындары – 2026» ашылу салтанаты өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада басталған «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты театрландырылған шоу және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу рәсімінде көрермендер спорт, цифрлық технологиялар мен заманауи сахналық өнерді ұштастырған театрландырылған қойылымды тамашалады. Қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздары сахнаға шығып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарлама халықаралық турнирдің атмосферасын айшықтап, спорт пен өнердің үйлесімін көрсетті.

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада алғаш рет киберспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін және жаңа технологияны біріктірген халықаралық турнир өтеді. Биылғы сайыстарға 34 елден 800-ден астам спортшы қатысады.

Турнирде спортшылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds сияқты 8 бағыт бойынша күш сынасады.

Көп оқылғандар