Сурет: Астана әкімдігі сайты (архив)
Астанада жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл қаладағы оқушылар үшін 24 мың жаңа орын деген сөз, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында білім беру мекемелерінің құрылыс жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, биылғы жылы жаңа мектептердің қатары еседі.
«Жаңа оқу жылына дейін 9 мектепті іске қосамыз. Бұл 24 мың оқушы орнын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тағы 6 мектептің құрылысын бастаймыз», — деді әкім.
Қазіргі таңда Астанада білім беру нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкімдік балалардың ыңғайлы әрі сапалы білім алуына жағдай жасауды басты міндет санайды.

