Сурет: ТЖМ
Астанадағы балалар ауруханасының жертөлесінде өрт шықты. Оқиға Қошкарбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
«Ғимараттан 70 науқас бала шұғыл түрде эвакуацияланды. Олардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді», — деді ТЖМ өкілі.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жертөледегі электр сымдары тұтанған болуы мүмкін.

