Қаржы

Астанада арзан азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада 1-2 тамыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Келушілер көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт, ұн өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 1 және 2 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Жәрмеңкеге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустармен жетуге болады.

Көп оқылғандар