Қоғам

Астанада А. Бараев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Сурет: Астана әкімдігі

Астанада 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында А. Бараев көшесінің бір бөлігі жөндеуге байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, дегенмен қозғалыс екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Көп оқылғандар