Астана қаласында 2000-ға жуық оқушы бір мезетте «Алтын ұя» күйін орындады. Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың әйгілі туындысын шертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл — елордадағы бірегей мәдени шара. Оқушылардың бір мезетте домбыра тартуы көпшілікті тамсандырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат — жастарды ұлттық өнерге баулу және патриоттық рухты көтеру.
«Балалардың қазақ күйін сүйіп орындауы — біз үшін үлкен мақтаныш. Осындай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады», — деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі.
Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйі қазақ халқының бірлігі мен берекесін бейнелейді. Оқушылардың бірге орындауы күйдің мәнін аша түсті. Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

