Сурет: Коллаж: Kazinform / ҚТФ
Астанада өтіп жатқан World Tennis Tour M15/W15 Asu Open турнирінде қазақстандық теннисшілер Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова жекелей сында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін екі спортшы да ширек финалдық кездесулерін өткізді. Жартылай финалда Дамир Жалғасбай әлемнің 578-інші ракеткасы, турнирдің екінші нөмірі, үндістандық Саси Кумар Мукундпен кездесті. Бірінші партияда 4:0 есебімен алға шыққан соң, үндістандық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.
Финалда Жалғасбай әлемнің 652-ракеткасы, жапониялық Сюнсукэ Мицуимен чемпиондық атақ үшін сынға түседі.
Әйелдер арасында әлемнің 946-ракеткасы Асылжан Арыстанбекова жартылай финалда ресейлік, рейтингте 842-орында тұрған Эдда Мамедовамен бақ сынасты. Ширек финалда жарақат алғанына қарамастан, Асылжан табандылық танытты. Қарсыластар брейк алмасумен бастады – 1:1. Кейін Арыстанбекова қатарынан бес геймді ұтып алды – 6:1.
Екінші сетте Асылжан 2:0 есебімен алға шыққанда, Мамедова матчты тоқтатуды жөн көрді. Осылайша, Арыстанбекова финалда бас жүлде үшін таласады.
Сонымен қатар, Жалғасбай Даниял Рахматуллаевпен, ал Арыстанбекова Іңкәр Дүйсебаймен бірге ертең жұптық сында да финалда ойнайды.
Мазмұнға өту
