Сурет: Egemen Qazaqstan
Astana Half Marathon жарысына қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау үшін плоггинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін экологиялық шара. Қатысушылар жарыс барысында марафон жолындағы пластик бөтелкелер мен басқа да қоқыстарды жинады.
«Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Марафон барысында көптеген қатысушы мен қала тұрғындары бастаманы белсенді қолдап, акцияға қосылуға тырысты», – деді қатысушылардың бірі.
Сонымен қатар Astana Half Marathon аясында қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы пункттер, пластикті қайта өңдеу аймақтары және «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

